ЕТ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

52

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар сиыр етінің бағасы тұрақты. Жуырда БАҚ беттерінде сиыр етінің қымбаттағаны жөнінде ақпараттар тараған еді. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев бағаны бақылау, тұрақтандыру бойынша БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстарды баяндап, Qazet, Magnum сауда желілеріндегі бағаны бірге бақылады. Аталған сауда желілерінде сиыр еті белгіленген бағада сатылып жатыр.

Шаһарда бірінші қажетті азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысандары, сауда желілері, үй маңындағы дүкендер, жергілікті тауар өндірушілермен келісімдер жасалған. Мамандар бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді. Жалпы, сиыр етін қаладағы 60-қа жуық сауда орнында бекітілген әлеуметтік бағамен сатып алуға болады.Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаевтың айтуынша, базарларға еттің негізгі бөлігі Түркістан облысынан, оның ішінде етті мал шаруашылығында алдыңғы қатарлы Қарабұлақ ауылынан жеткізіледі. Сондай-ақ, бүгінде жемнің бағасы (астық, құрама жем, шөп) өскен. Бұл сиыр етінің өзіндік құнын арттырады.Бағаны тұрақтандыру бағытында «айналмалы схема» тетігі бойынша Magnum және Gramad сауда желілерімен келісім-шарттар жасалып, сиыр еті бір келіге 2590 теңгеден белгіленген бағамен сатылып жатыр. Сондай-ақ, «Қасқасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарынан еттің келісін 2620 теңгеден алу жөнінде келісімшарт жасалған.Мамандар бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді. Жалпы, сиыр етін қаладағы 60-қа жуық сауда орнында бекітілген әлеуметтік бағамен сатып алуға болады.

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»