Көшеге қоқыс тастаған азаматтарға айыппұл салынды

715

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесе көшелердің тазалығына кезекті рейд жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды бейберекет көшеге тастаған Наурыз мөлтек ауданында және Рысқұлов көшесінде 2 жеке тұлғаға айыппұл салынды. Арғынбеков, Байтұрсынов және Жандосов көшелерінде 3 нысанға ескерту хаттамалары толтырылды.

Аталған заңбұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл салынады. Сондай-ақ есігінің алдына қоқыс төккен 10-нан аса жеке үй иелеріне ауызша ескерту берілді.

Мұндай рейд жұмыстары Әл-Фараби ауданында апта сайын жүргізіліп отыр.