САУРАНДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

32

Сауран ауданында дәстүрлі «Күзгі тазалау» кезеңі жалғасуда. Осы шара аясында Үшқайық және Шорнақ ауылдық округтерінде жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына 300-ге жуық ауыл тұрғыны, мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысып, елді мекен аумағында санитарлық-тазалық шараларын атқарды. Сенбілікке арнайы 12 бірлік техника жұмылдырылып, қоқыс қалдықтары шығарылды. Жалпы көлемі 11 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды.

Сондай-ақ, ауылдардың ішкі көшелер тазаланып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Сонымен қатар, талдар суарылып, жасыл желекті қорғау бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен бірлесіп тазалықты сақтау бойынша мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды. Мұндай шаралар халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, ауыл-аймақтың көркейіп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған. «Күзгі тазалау» кезеңіндегі сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасатын болады.