АДАЛДЫҚ ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ – КӘСІБИ ЖЕТІСТІК КІЛТІ

31

Өмірін және еңбек жолын ел игілігіне арнаған азаматтар бар. Солардың бірі – талапшылдық пен табандылықты үйлестірген, кәсібіне адал қызмет ететін маман Тұрлыбеков Әуез Полатұлы. Талап пен табандылықтың, адал еңбек пен жауапкершіліктің жарқын мысалы. Оның еңбегі ел игілігі жолында еселеніп, абыройы асқақтай берсін!

Тұрлыбеков Әуез Полатұлы 1990 жылы 12 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Бала күнінен тәрбие мен еңбекқорлыққа бауланған Ауез мектепті үздік тәмамдап, 2006-2009 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Агротехникалық колледжде жол қорғауды ұйымдастыру мамандығын меңгерді.

2007-2008 жылдар аралығында ол Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеді. Осы тәжірибе оның жауапкершілік пен тәртіпке деген көзқарасын қалыптастырды.

Еңбек жолын 2010 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы «The Kirby Company» компаниясында менеджер ретінде бастап, кейін «Су ресурстар маркетинг» ЖШС-де инспектор қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-да слесарь, одан соң шебер қызметтерін абыроймен атқарды. Қазіргі таңда ол осы мекемеде апатты қалпына келтіру жұмыстарының учаске басшысы болып қызмет етеді.

Әуез Полатұлы қай жерде жұмыс істесе де, адалдық пен табандылықты басты ұстаным етіп, жүктелген міндеттің үздік орындалуын мақсат тұтты. Өмірлік тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі әріптестеріне үлгі болып, саланың дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Отбасында ол сүйікті жар және екі баланың әкесі – бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Тұрлыбеков Әуез Полатұлының кәсіби жолы – талап пен табандылықтың, адал еңбек пен жауапкершіліктің жарқын мысалы. Оның еңбегі ел игілігі жолында еселеніп, абыройы асқақтай берсін!