«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС ШАРАСЫ ӨТТІ

9

Бәйдібек аудандық «Мансап орталығының» жайында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарына» сәйкес 2025 жылдың 04 желтоқсан күні сағат 11.00-12.00 аралығында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен мансап орталығының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қызмет алушыларға әлеуметтік саладағы көрсетілетін қолдаулар мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуге қатысты көкейінде жүрген сұрақтарына сала мамандары заң талаптарына сәйкес жауаптарын берді.

«Қызмет алушылар күні» іс шарасы барысында жалпы саны 6 азаматқа қағида талаптарына сәйкес қызмет көрсетіліп, тиісті шешімдер қабылданып, 10 азаматқа брашюра таратылды.