ТҮРКІСТАНДА «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, сала қызметкерлері мен ардагерлерін мерейтоймен құттықтады.
Облыс әкімі өз сөзінде корпорацияның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы реформалардағы рөлін атап өтіп, халық пен мемлекет арасындағы сенімді байланысты нығайтуға қосқан үлесіне тоқталды. Сондай-ақ қызмет сапасын арттыру мен цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Жиында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Басымбек үздік қызметкерлерді марапаттады. Шара барысында корпорацияның 20 жылдық даму жолы мен жетістіктері айтылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бүгінде Түркістан облысында корпорацияның 59 ғимараты жұмыс істейді, 1195 қызметкер халыққа қызмет көрсетуде. 2025 жылдың 11 айында өңірде 928 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.








