«Visit Shymkent» орталығының жұмыс барысымен танысты

292

Күн сайын көркейіп, гүлденіп келе жатқан шырайлы қаламызға сырттан келетін қонақтардың саны артқан бұл күнде. Қаламыздың көрікті жерлерін көру үшін келіп жатқан туристерге ақпараттық бағытта жұмыс жүргізетін бірден-бір орталыққа айналған «Visit Shymkent» орталығын ерекше айтуға болады. Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Ермекұлы аталған «Visit Shymkent» орталығының жұмыс барысымен танысты.

Басқарма басшысы әріптестермен жұмыс барысын жетілдіру және тың бастамаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты.

Сондай-ақ қаламыздың 7 нүктесінде орналасқан ақпараттық дүңгіршектермен танысып, «Арбат»алаңында орналасқан туристік полицияға атбасын бұрды.

Қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәріп сақшыларымен етене әңгімелесіп, қаламызды туристерге ыңғайлы етуде бірлесе жұмыс атқаруда белсенділікке шақырды. Айта кетейік, «Visit Shymkent» орталығының басты құзіреті — туристерді ақпаратпен қамтамасыз ету, қаламыздың туристік әлеуетін маркетинтік ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастыру және іскерлік туризмді дамыту болып табылады. Ерлан Ермекұлы «Visit Shymkent» орталығының жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта бірлесе отырып жаңа жобалардың жүзеге асатынын атап өтті.