МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан елді мекенінедегі бассейн және теннис кортының құрылыс жұмыстарын көрді. Нысандардағы жұмыс барысы, құрылыс сапасы тексеріліп , тиісті сала басшыларына жұмыс қарқынын күшейту, сондай-ақ белгіленген талаптар мен стандарттардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Темірландағы өндірістік паркке барып, құрылыс кезеңдері мен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл нысандардың аудан экономикасын дамытудағы маңызы атап өтілді.
Одан кейін Шұбар елді мекеніне барып, спорт кешенінің құрылысын көріп, қазіргі жағдайымен танысты. Сапар соңында Қарабастау елді мекеніне аялдаған аудан басшысы ауылдың жалпы әлеуметтік ахуалы мен асфалт төсеу жұмыстарына назар аударып, бірқатар өзекті мәселелерді саралады.
Азат Оралбаев елді мекендерді аралау барысында анықталған мәселелердің барлығы бақылауда болатынын айтып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғаса беретінін жеткізді.








