ТҮРКІСТАНДА ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ

15

Түркістан қаласында қазақстандық имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған Ислам институтының ашылу салтанаты өтті. Маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай-қажы Өтпенов пен ел ағалары қатысып, көпшілікті айтулы оқиғамен құттықтады.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан дәстүрлі исламды дәріптеу және оның ғылыми-теориялық негізін дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталды.

Шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы институт шәкірттерімен кездесіп, тағылымды дәріс оқыды.

Айта кетейік, бүгінде облыста 745 мешіт және 1400-ден астам дін қызметкері жұмыс атқаруда. Ислам институтының оқу ғимаратының жалпы алаңы 1250 шаршы метрді құрайды. Мұнда 90 орындық оқу ғимараты мен 40 орындық кітапхана бар. Сонымен қатар жалпы аумағы 1250 шаршы метр болатын жатақхана ғимараты салынып, 45 орындық асхана қарастырылған.

Іс-шараға қатысушылар игі іске бастамашы болған облыс әкімдігіне, демеуші азаматтарға алғыстарын жеткізді.