Жасыл желектерді күтіп ұстау тұрақты түрде жүргізіледі

415

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы негізгі көшелердің бойларындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлініп, мердігер мекеме аталған секторларды кестеге сәйкес жүргізуде.

Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Build strip» ЖШС атқаруда.

Қазіргі таңда жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков және Темірлан тас жолы бойында атқарылуда.

Тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, мамандар тарапынан қадағалануда.