Тәуелсіздік — басты құндылығымыз!
Шымкент қалалық буілім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараның мақсаты — этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Жалпықазақстандық «Тәуелсіздік-басты құндылығымыз!» тақырыбындағы ашық диктантты 120 білім беру ұйымдарының 1 ауысымда оқитын 10 мыңнан аса оқушысы қатысып, белсенділік білдірді.
Жалпықазақстандық ашық диктантты Тұжырымдамасына сәйкес, жоғары деңгейде ұйымдастыру шаралары нәтижесінде әрбір оқушының бойына өз мемлекеттік тілге деген құрмет пен сауатты қоғамды құрудың бастапқы қадамы көрінді.