ҚОҒАМДАҒЫ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

28
«Ардагерлер біздің мақтанышымыз-алтын қорымыз». Қазақ халқы қай кезде де ардагерлерін, абыз ақсақалдарын құрмет тұтқан. Ата-бабамыздың жолымен сабақтасып келген игі дәстүрді түлкібастықтар ылғи да назардан тыс қалдырмай ардагерлердің әр бір ұсыныс өтініштерін назарға алып, әр тірлікті ақылдасып жүзеге асыруда.
Бүгін аудан әкімі Аскар Естібаев аудан аумағындағы ардагерлер және ақсақалдар ұйымдарының төрағаларымен кездесті.
Келелі басқосуда абыз ақсақалдарымыз өскелең ұрпақ тәрбиесі, білім ордаларына білікті мұғалімдерді тағайындау, ардагерлерге арнайы кабинеттер қарастыру, шипажайға жолдаманы арттыру, медицина, ономастика, руханият саласына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салып, ауыл-аймақты дамыту мақсатында ұсыныстарын жектізді. Сонымен қоса, ауыл тазалығы, бастау көздерін ашу, арық-атызды өз күшіміне ретке келтіру мәселесіне ерекше тоқталды.
Жиынды қорытындылаған Асқар Сұлтанұлы елдегі түйіткілді мәселенің барлығынан ауыл ақсақалдары хабардар болатындығын тілге тиек етіп, ауданға тағайындалғаннан кейін округтерді аралау барысында бірінші кезекте сол аймақтың ардагерлерімен кездесу өткізгенің жеткізді.
Сол кездесулерде көтерілген біршама мәселелердің қазіргі таңда шешімін тауып жатқандығын айтып, қамтып өтті. Атап айтсақ, демеушілер есебінен орталық саябақ аумағынан шахмат клубы мен бас қосуға арналған киіз үй құру жоспарланып жатқаның, ардагерлерге ғимарат ыңғайластырып беру, шипажайларға жолдама саның арттыру, көлік мәселесі, білім саласындағы комиссия құрамына жергілікті ардагерді қосу сынды өтініш-ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқаның жеткізді.
Ал, ауылдардағы арық-атыздарды қалпына келтіру мәслесін ауыл әкімдерімен асарлатып жүзеге асыру жоспарланғаның айтып, қаржыны қажет ететін мәселелер бюджеттің шама-шарқына қарай кезең-кезеңімен атқарылатының атап өтті.
Жиын соңында ақсақалдар батасын беріп, аудан басшысының қызметінде сәттілік тіледі.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда ауданымызда 12 мыңнан астам ардагерлер бар. Округ, кенттерде 15 ардагерлер, 15 ақсақалдар ұйымдары мен әжелер және аналар алқасы қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысуда.