Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет

1050

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес.

Осы орайда, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназияда эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,  9-10-11 сынып ұл балалары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыста мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Карибаева мен мектеп инспекторы Р.Абдуллаев оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстырып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстырды.

Жиынның мақсаты — оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. ҚР Конституциясын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, еліміздегі кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық санын азайтудың бірден бір шаралары ретіндегі кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты ескерту және алдын алу, оқушыларға заңды түсіндіру.