ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР МЕН ВЕЛОСИПЕДШІЛЕРГЕ ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Тұран ауданындағы Денсаулық жолында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд өтті. Іс-шараны учаскелік полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің жауапты мамандарымен бірлесіп ұйымдастырған.
Іс-шара барысында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, велосипедті арнайы велосипед жолағымен жүргізу, қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға қоғамдық орындарда белгіленген қозғалыс тәртібін сақтау қажеттігі ескертілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру. Осы бағыттағы алдын алу жұмысы алдағы уақытта да тұрақты жалғасады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жолда жүру ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіру және жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Түсіндіру жұмыстары барысында азаматтарға жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өту, бағдаршамның рұқсат беретін сигналына бағыну, жолдан өтер алдында екі жаққа мұқият қарау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, жол бойында ұялы телефонға алаңдамау, құлаққаппен жүрмеу және көлік қозғалысына кедергі келтірмеу жөнінде кеңестер берілді.
Ал велосипедшілерге қозғалыс кезінде жол белгілері мен таңбаларын сақтау, арнайы велосипед жолдарын пайдалану, қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтер мен шамдарды қолдану қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ велосипедті басқару кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірмеу керектігі айтылды.
Мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек жүргізушілердің ғана емес, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің де жауапкершілігіне байланысты.
Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет. Қарапайым ережелерді сақтау адам өмірін қорғап, жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан әрбір азамат жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтап, өзінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.







