Сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуы тексерілді

439

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлері аудан аумағындағы тойханаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде той-томалақ пен мерекелік жиындардың алдын алу мақсатында Полиция департаменті қызметкерлері тойханалардың маңында тәулік бойы кезекшілік етуде.

Сондай-ақ, рейд барысында Мега және ЦУМ сауда орталықтарындағы карантин талаптарының сақталуы тексерілді. Аталған ірі сауда ойын-сауық кешендерінде сатушылар мен тұтынушылардың бетпердесіз жүргендігі және арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Кей жерлерде санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелер жоқ. Бұл мәселелер бойынша сауда орталықтың басшылығы мен әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісінше айыппұл салынды.

Карантин талабына сәйкес қоғамдық көлікте жолаушыларға бетперде тағу міндеттелген. Осыған байланысты автобустардағы жолаушыларға қаулы талаптары түсіндіріліп, бетпердесіз отырған жағдайда айыппұл салынатындығы ескертілді.

Құрметті қала тұрғындары! Індетті одан әрі ушықтырмас үшін қоғамдық орындарда бетперде тағып, арақашықтықты қатаң сақтауға шақырамыз.