Еңбек қаупісіздігі және ұжымдық шарт бойынша семинар-тренинг өтті

520

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Рахат» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы семинар-тренинг өткізді.

Жиын барысында Бауыржан Ілімшеұлы кәсіподақ ұйымын ашып, еңбек құқықтарын қорғау жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырып, кәсіподақ құрылған ұжымда жазатайым оқиға тіркелмегенін, кәсіподақ тарапынан тұрақты түрде бақылауда болатынын жеткізді. Компанияда жыл басынан бері жазатайым оқиға орын алған бойынша қызыл аймаққа кіреді. Бүгінге дейін 1 жағдай тіркеліп, 4 адам зардап шеккен.

Айта кетейік, кәсіпорында 960 жұмысшы жұмыс істейді. Серіктестікте кәсіподақ ұйымы құрылмаған. Дегенмен, ұжымдық шарттары бар. Ұжымдық шартта жұмысшылар тарапынан өздерінің арасынан сайланған төраға қол қойған.

Серіктестік Алматы қаласындағы негізгі компанияның еншілес құрамында болған соң, кәсіподаққа кіру бойынша өздері шешпейтіндігі анықталды.

Жиында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы және Шымкент қаласы әкімдігі арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, қызметкерлерден еңбек заңнамасы бойынша қойылған сауалдарға тиісті жауап берілді.