Инфрақұрылым жүйелерінің құрылысмен танысты
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы тұрғын алаптарда инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді.
Қала әкімі алдымен Жаңаталап тұрғын алабына барды. Бүгінде елдімекенде ішкі ауызсу жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылуда. 89,6 шақырым ауыз су құбырының 77,9 шақырым жұмыстары орындалды. Мердігер «СМК и 7-Ж» ЖШС жобаны 2021 жылдың 4 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 42,2 шақырым. Құрылыс жұмыстары мердігер «ГХ» Шымкентгаз» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Құрылысты 2022 жылғы IV тоқсанында аяқтау жоспарда.
Сондай-ақ, қала әкімі шағал тас төсеу жұмыстарының барысын бақылады. Жаңаталап тұрғын алабында жалпы ұзындығы 8,76 шақырым 30 көшеге қиыршық тас жолдар салу жұмыстары жүргізілген. Жалпы Абай ауданы бойынша шағал тас төсеу жұмыстары 100 % аяқталған.
Қойбағаров көшесінде 900 м жолға орташа жөндеу жұмыстары 100% аяқталды.