“ДӘРІГЕРДІ ОЙЛАЙТЫН ДЕПУТАТ БАР…”

378

Дәрігер-ұлы мамандық. Адам жанының арашашысы болып, емге шипа жасап жүрген дәрігерлерге қалай құрмет жасасақ та жарасады. Биылғы жылы дәрігерлердің жұмысын дәріптеп, оларға құрмет жасаудың өнегелі бір үлгісін көрсетуге тырыстық. ”Рахмет саған, дәрігер!” атты жаңа авторлық жобамыз жарық көрді. Медицинаның әр саласында еселі еңбек етіп жүрген шымкенттік “100 дәрігер” жайлы бейнеролик түсіріліп, «НАР ТВ» телеарнасы мен “Шымкентфильм” ютуб арнасы арқылы көрермен назарына көрсетілуде. Індетпен бетпе-бет күресіп жүрген дәрігерлердің еңбегін дәріптеген жобамыз Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма тарапынан қолдау тапты. Әрине, бұл ”Рахмет саған, дәрігер!” жобасы ең алғаш “Нұр-Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева мен Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қолдауымен әлеуметтік желі қолданушылары арасында “Үздік жазба” байқауы ретінде өтті. Ел ықыласына бөленген бұл жобаны телевизиялық нұсқаға айналдыруға Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаевтың өзі бастамашы болып, қалалық мәслихаттың сессиясында мақұлданды. Игі жобаны қолдаған депутаттық корпусқа көп рахмет айтамын. Иә, Шымкентте дәрігерді ойлайтын депутаттар көп. Соның бірі де, бірегейі-Талғат Балтабаев! Бар болыңдар, нар болыңдар халық қалаулылары!

Ерсұлтан Әмірбек,
“Рахмет саған, дәрігер!” жобасының авторы