АБАЙ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
![](https://ara24.kz/wp-content/uploads/2021/09/242990555_3027252254187788_5072884053752723368_n.jpg)
Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы негізгі көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 6.00-ден бастап жүргізілуде. «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-ның 40-қа жуық қызметкері және 23 техникасы жұмылдырылып, көшені механикалық тазалау жұмыстары да қатар атқарылуда.
Жалпы аудан бойынша негізгі 83 көшені «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС мехникалық және қолмен тазалау жұмыстарын атқарады.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының Халықпен жұмыс жүргізу бөлімі тарапынан тұрақты қадағалануда.