Қажымұқан мұражайы

1515

Қажымұқан — қазақ даласының батыры, патриоты, қазақ халқының ұлы перзенті және нағыз мақтанышы. Осыған арнап 2001 жылғы 26 маусымда Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында құрылды.

Мұражайда ол туралы көп деректер берілген. Мысалға ол 75 жаста болғанда оның бойы 195 см, салмағы 154 кг ал аяғының өлшемі 54 болған. Ол өзінің 77 жылдық өмірінде әлемге әйгілі болып, көптеген күрестерімен есте қалды. Ұлттық нақышта салынған жалпы аумағы 368,5 м болатын жаңа ғимаратта орналасқан. Мұражай ғимаратының архитектуралық сызбасын облыстық архитекторлар тобы: А.Әбдіраманов және бас инженері А.Сушко жасаған. Құрылысты салғандар: «Шаңырақ» және «АС-құрылыс» көп салалы құрылыс фирмалары. Қабырғалары қазақтың киіз үйінің керегесі сияқты. Шаңырағы күмбез болып келеді де үшкірленіп бітеді. Құрылыстың жоба-сызбаларын жасаушылар дәл ортадан ойып, цирк аренасын, палуандық өнерді көрсетуді мұрат еткен. Күмбездің диаметрі 12 м, мұражай қабырғасының биіктігі іргетасымен қосқанда 5 м-ден асады, ал табанынан ұшар басына дейін 16 м. Жалпы ауданы 380 м2, жалпы көлемі 1800 м3. Ғимарат құрылысына бетон, кірпіш және темір құрылғылар пайдаланылған. Жәдігерлер қорында 1129 экспонат бар. Мұражайдың көрме залы екіге бөлінеді. Бірінші бөлімде Қажымұқанның күрестері, жетістіктері мен онымен байланысты аңыздар туралы болса, екінші бөлімде Қазақстанның олимпиада жеңімпаздары туралы. Жалпы Қажымұқанның өмірі мен спорттағы жетістіктері, облыс спортының мақтаныштары, олимпиада, әлем, Еуропа, Азия чемпиондары мен спорттың әр саласынан халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздарының фото суреттері, кубок, диплом, қолданған заттары мен спорттық киімдері қойылған көрмелер. Көрермендердің қызығушылығын тудыратын кезінде киелі палуанның тұрмыста қолданған заттары, спорттық құралдары, киімдері және ол туралы аңыздар. Мысалға ол тісімен арбада отырған 20 адамды сүйреді деседі ата-бабамыз. Сонымен қатар ол 350 кг тасты құшақтап көтерді және ол тас осы мұражайда тұр. Осы мұражайдың сыртында 20 ғ. тік ұшақ макеті салынған. Оған себеп ол соғыс уақытында тік ұшақты өз қаражатына сатып алып оны соғысқа жіберді. Біз бұл кісінің нағыз патриот екенін көре аламыз. Осындай атақты адам үшін осы мұражай жарық көрді.