Мұражай құндылықтары (ФОТО)

826

Қажымұқан Мұңайтпасұлының әлемдік жарыстарда жеңіп алған 48 алтын, күміс, қола орден медальдары болған. Өкінішке орай олардың көбі осы уақытқа дейін сақталмаған. Біздің мұражайымыздың қорында Қажымұқанның 2 ордені, 2 медалі бар, міне солар көрерменнің көзайымы ретінде мұражай экспозициясына қойылған. 1914 жылдары Георг Лурих бастаған бір топ палуандар олардың арасында Қажымұқан да болған. Прибалтика елдерінде жарыстарда жүрген кезінде Қажымұқан әкесі дүниеден өткені туралы қаралы хабар алған. Әкесін соңғы сапарға шығарып салу үшін елге оралмақ болып эстон палуаны Вейланд Шульцтан жол қаражатын алып орнына өз медальдарын кепілдік ретінде қойып кеткен. Содан 1993 жылдары Вейланд Шульцтың немерелері Санкт-Петербургтағы «Спортивные трофейи» атты аукционға қойған, сол аукционнан Қажымұқанның өмір жолдарын зерттеумен айналысқан профессор Әлімқұл Бүркітбаев сатып алып жеке коллекциясында сақтаған. Кейіннен 2001 жылдың аяғында мұражай әкімшілігімен хабарласып мұражай қорына сатқан. Міне, содан бері Қажымұқанның орден медальдары мұражайымыздың ең құнды, ең бағалы жәдігерлерінің бірі болып отыр.

Қажымұқанның қайыс белдігі.
Король Сегизмундтың жүлдесін 4 рет ұтқаны туралы белгілер 1911, 1912, 1913 жылдары жапсырылған. Ұзындығы 1 м 12 см. Қайысқа 9250, 8750 күміс жапсырылған, салмағы 400,00 гр, 2002 жылы 2 тамыздағы №392 актісімен сапа сынамасынан өтіп, мұражайдың 238-і иелік белгісі қойылған.

Қажымұқанның әйелі Мінайімге тарту еткен күміс белдігі