КӘСІБИ МЕДИАТОРЛАРМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында кәсіби медиаторлардың қатысуымен татуластыру рәсімдері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға әкімшілік сотының төрағасы М.Шарипов, судьялар М.Ташев, Г.Мекембай, М.Оңласов, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кабинетінің жетекшісі Д.Кенжеқұлова және кәсіби медиаторлар қатысты.
Сот төрағасы М.Шарипов өз сөзінде дауларды сотқа дейін реттеу институтын, оның ішінде қоғамдағы шиеленіс деңгейін төмендетуге ықпал ететін медиация институтын енгізу және жан-жақты дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру қажет екендігін айтып өтті, осыған байланысты меморандумға қол қою маңызды және өзекті екендігіне назар аударды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кабинетінің жетекшісі Д.Кенжеқұлова және кәсіби медиаторлар аталған меморандумға қол қоюдың маңыздылығын атап өтіп, сотқа түскен даулардың медиация тәртібімен шешілуіне барынша атсалысатындарын жеткізді.
Іс-шара соңында сот төрағасы жиынға қатысушыларды сот ғимаратындағы орналасқан медиация кабинетімен таныстырды.