1 ҚЫРКҮЙЕК -БІЛІМ КҮНІ

7

 

Бүгін,Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алды.

Осы орайда,барлық орта білім беру ошақтарында «Білім күні» мерекесіне орай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті.

Мереке қарсаңында, аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Майтөбе елді мекеніндегі Ю.Гагарин атындағы мектепке табан тіреп, оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздар қауымын атаулы мерекесімен құттықтады.

Аталған білім ошағында 962 оқушы білім алса, биылғы жылы 101 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғашқы рет аттап отыр.

Салтанатты шараның ашылуында сөз алған аудан әкімі мектеп есігін жаңадан ашқан бүлдіршіндерімізді алғашқы білім күнімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында сәттілік, әр бір шығармашылық бастамаларына табыс тіледі.

Шара жалғасы ән-шашуға ұласып, мектеп оқушылары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлен шумақтарын мәнерлеп айтып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Айта кетерлік, бүгінгі таңда аудан аумағындағы 60 жалпы орта білім беру мекемелерінде 23 мыңнан астам бала білім алуда. Үш ауысымдағы мектеп жоқ. Соның ішінде, биылғы жаңа оқу жылында 2379 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.