ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР РЕСПУБЛИКАДА ТОП ЖАРДЫ

47

Шымкенттік ұстаздар республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды. Атырау қаласында 28-30 наурыз аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдеріне арналған дәстүрлі «Математикалық регата» олимпиадасы ұйымдастырылды.


Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық білім беру ұйымдарынан құрамы 4 адамнан тұратын 20 команда қатысты. Ұстаздардың білімін саралайтын дәстүрлі байқауға Шымкент қаласынан команда қатысты. Шымқаланың намысын қалалық кезеңнің жеңімпаздары О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мұғалімі Ен Раиса Николаевна , №1 дарынды балаларға арналған IT лицей-интернатының мұғалімі Нұрбол Мирзахмедов, №90 ДАБММГ мұғалімі Елдос Айдарбеков және Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының мұғалімі Жақсылық Садиров қорғады.
Олимпиада төрт кезеңді қамтыған. Қатысушыларға әр кезең бойынша ұжымдық жазбаша шешуді қажет ететін үш тапсырма берілген. Байқаудың барлық кезеңінде шымкенттік ұстаздар білімі мен тәжірибесін дәлелдеді. Нәтижесінде республикалық олимпиадада ұстаздар III орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk