АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

595

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Абай ауданының әкімі Қазығұрт, Құрсай, Каол Маркс, Ақжар, Ақтас-1, Ақтас-2 және Айкөл елді мекеннің тұрғындарымен кездесіп, 2021 жылы атқарылған жұмыстармен 2022 жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісіп, кездесу форматы бойынша сұрақ-жауапқа көшті.

Кездесуге мәслихат депутаты, аудан прокуроры, қоғамдық кеңес мүшелері және аудандық қоғамдық бақылау кеңесінің төрағалары қатысты.

Кездесу барысында тұрғындардың жол, жарық, табиғи газ, кәріз, қоғамдық көлік және т.б. сұрақтарына жауап берді.

Қойылған барлық сұрақтардың тізбесі жасалып, орындалуы бойынша мерзімінде тиісті хабарламалар берілетін болады.