ПЕШТІ ҚОЛДАНУДА ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАҢЫЗ

402

Әдетте, күн суытып, жылыту маусымы басталған кезде электр жылыту құралдары мен пештердің ақауы немесе оларды орнату және пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан орын алатын өрттердің саны күрт өседі.

Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, жөнделуі керек. Жарамсыз пештер мен басқа от жағу құралдары пайдалануға жіберілмейді, жекеменшік үйлерде жылыту кезеңінің алдында және 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту қажет.
Пештің алдындағы еденге темір қаңылтыр қағылмаған жағдайда, пешті пайдалануға болмайды. Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтарды пайдалануға болмайды.
Электр жылытқыштар тек зауытта жасалған болуы қажет. Электр жылытқыштарды жанғыш заттар мен жабуға, олардың үстіне кір кептіруге болмайды. Қосылған құралдарды үнемі бақылау қажет, үйден кеткен кезде оларды міндетті түрде өшіру керек.
Уақытша металл пештерді орнатқанда келесі өрт қауіпсіздігі талаптары толық орнатылғанына көз жеткізіңіз. Металл пештердің аяқтарының ұзындығы 0,2м аз болмау керек. Пештің астындағы жанғыш едендер саз балшықпен жапсырылған кірпіш қатарымен немесе үстіне болат қаңылтырмен жабылған қалыңдығы 12 см, асбест қатты қағазымен оқшаулануы керек.
Металл пештері ағаш құрылымдар мен жиһаздан 1м, жанудан қорғалған құрылымдардан 0,7 м қашықтықта орнату керек.
Пеш жағумен байланысты өрттердің себептері, мұржада жиналатын күйенің жануынан қабырғаларының қызуы нәтижесінде мұржаның кірпіш қалауында пайда болатын жарықтар болып табылады.
Осы айтылған қағидаларды бұлжытпай орындау Сіздің үйіңізді өрттен, жанұяңызбен туыстарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды. Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «102» телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ғ. МҰРАТОВ,
Абай ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау
полковнигі