ШЫМКЕНТ:КАМЕРАЛДЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІНДЕ 18 САЛЫҚ ТӨЛЕУШІГЕ ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

297

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Берік Жамалбековтің қатысуымен камералды бақылау жүргізу, қосылған құн салығын әкімшілендіру, салық аудиті және салық берешегін өндіру бағыттары бойынша өткен баспасөз брифингте мәлім болды.

 

–  Камералды мониторинг бағытына келетін болсақ өз қызметтерін жүзеге асыру барысында, құқық бұзушылыққа жол берген салық төлеушілерге қатысты 2022 жылдың 5 айында ҚР ӘҚБтК-нің 278 бабының 3 бөлігімен 18 салық төлеушіге 91,1 млн.теңге әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді, — деді спикер.

 

Оның айтуынша, 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 123,9 млрд.теңге болса, нақты түскені 148,3 млрд.теңге немесе жоспар 24 млрд. 448 млн.теңгеге артығымен қамтамасыз етіліп, орындалуы 120%-ды құраған. Республикалық бюджет – 102%-ға, жергілікті бюджет – 134%-ға орындалған.

Сонымен қатар осы жылға мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері бойынша бекітілген жоспар 328,7 млрд.теңге. Күтілетін сома 354 млрд.теңге немесе жоспар 122% орындалады деп болжануда. Оның ішінде барлық деңгейдегі бюджеттердің жоспары 100% орындалып отыр. Республикалық бюджет бойынша күтілетін түсім 144 млрд.теңге, ал жергілікті бюджет бойынша күтілетін түсім 210 млрд.теңге.

Баспасөз жиынында Берік Жапарұлы қосылған құн салығын әкімшілендіру, салық аудиті және салық берешегін өндіру бағыттарына да тоқталып өтті.

– Көлеңкелі экономиканы төмендету және қосымша кіріс көздерін өндіру мақсатында, ҚҚС төлеу үлесі 1% дан төмен сауда, құрылыс және қызмет көрсету саласындағы, айналымы 100 млн.теңгеден асатын ҚҚС төлеушілер бойынша мақсаттық топ құрылды. Осы категория бойынша талдау жасалып, ҚҚС төлемеу себептері анықталып, жұмыс қортындысы негізінде тиісті шешім қабылданады.

Бүгінгі күнге, аудит, салық саласының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан 2022 жылдың 1 маусымы аралығында салық төлеушілерге қатысты тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 20 тексеру бойынша 2,5 млрд.теңге қосымша есептелген. Ағымдағы жылдың 2 тоқсан қортындысымен қосымша есептеудің болжамды сомасы 1,9 млрд.теңге болатын 15 тексерулерді аяқтау жоспарлануда.

Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін, салық берешегін төлемеген жағдайда келесі тәсілдер қолданылады: Борышкер салық төлеушілердің төленбеген сомасына әр күніне өсімпұлды есепке жазу, кассасы бойынша және барлық банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, авто транспорт немесе жылжымайтын мүлікке билік етуін шектеу, тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Егер, көрсетілген тәсілдер қолданылғаннан соң, салық берешегі өндірілмесе, онда берешекті өндіру мақсатында мәжбүрлеу шаралары қолданылады: Банктік шоттардағы ақша есебінен өндіру, дебиторлар шоттарынан, билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен өндіру, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi, — деді департамент басшысының орынбасары Б.Жамалов.

Айта кетейік, түсімдердің өсу қарқынына қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2022 жылдың 5 айында мемлекеттік бюджет түсімдері 36 млрд. 917 млн.теңгеге немесе 33%-ға артты. Оның ішінде:  республикалық бюджет бойынша 25%, жергілікті бюджет бойынша түсімдер 39%.

 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы