ҚАЙТПАС-1 ЖӘНЕ ҚҰРСАЙ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА
Шалғай орналасқан елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Қайтпас- 1 және Құрсай да оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.
• Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда.
• Қайтпас-1де Академиялық, Ғалымдар,
Жаскент,
Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Көркем және Али Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылды. Сонымен қатар, серверлік үй жайда порттарға қосу жұмыстары атқарылып, Wi-fi роутерлардың конфигурациялары жазылды.
Қыркүйек айына дейін жалпы 80 көше толық оптика желімен қамтылып, аталған елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік алады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар