«ЧУМЧАК» ЖӘНЕ «КӨК» КАНАЛДАРЫ ҚАРАШАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: 13 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

261

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бүгін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан каналдарға барып, іс барысын бақылады.

Айтып өтейік, бұған дейін “Чучмак” және “Көк” каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын кешіктірген мекемелерге 10 млн тг. көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі кезде құрылыстың 80% бітті. Жоспар бойынша қараша айында ел игілігіне берілуі тиіс. Ол үшін қыркүйек айының 10-ынан бастап ағын судың тоқтайтынын шаруаларға алдын ала ескерту керек. Осылай деген шаһар басшысы ауылшаруашылығы және табиғат басқармасына түсіндіру жұмыстарын жіті жүргізуді тапсырды.

Бұдан соң қала әкімі “Шапырашты”, “Сай ниже водопада” каналдарының да күрделі жөндеу жұмыстары барысын көрді.

Сала мамандарына “Сай ниже водопада” каналына қойылып жатқан блоктардың сапа сертификатын тексеріп қабылдауды тапсырды. Әзірге мұнда істің 20% атқарылған. Нысан келесі жылға өтпелі.

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: 13 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Жыланбұзған тұрғын алабында 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде.