ӘСКЕРИ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

183

Кәсіпті мамандарды даярлау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің негізгі басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Әскери білім және ғылым мәселелері келесі заңдармен регламенттеледі:

  • «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңы (2005 жылғы 7 қаңтардағы);
  • «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы (2012 жылғы 16 ақпандағы);
  • «Білім туралы» ҚР Заңы (2007 жылғы 27 шілдедегі);
  • «Ғылым туралы» ҚР Заңы (2011 жылғы 18 ақпандағы).

Әскери білім жүйесі ҚР ҚМ 9 (тоғыз) әскери оқу орнындағы келесі деңгейлер бойынша даярлықтан тұрады:

Әскери оқу орнына кейінгі білім – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті (Астана қ.);

Жоғары білім – Құрлық әскерлері әскери институты (Алматы қ.), Әуе қорғанысы күштері әскери институты (Ақтөбе қ.), Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (Алматы қ.);

Техникалық және кәсіптік білім – Ш. Уалиханов атындағы әскери колледж (Щучинск қ.) және С. Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж (Астана қ.);

Орта білім – «Жас ұлан» республикалық мектептері ( Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында);

Қосымша білім бағдарламасы бойынша әскери қызметшілер ҚР ҚМ әскери оқу орындарына, сондай-ақ шетел әскери оқу орындарына біліктілік арттыру курстарына жіберіледі.

Жұмылдыру резервін даярлау Қазақстанның азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы 36 әскери кафедрада запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету шеңберінде әскери-ғылыми әлеуетті дамыту бойынша жұмыс жүзеге асырылады.

ҚР ҚК-да қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету:

  • қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді жоспарлауды, ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды;
  • қорғаныс және әскери қауіпсіздік мүдделерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, қорғаныстық зерттеулерді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыруды және жүргізуді;
  • ЖӘОО-лардың ғылыми жұмысын ұйымдастыруды және бақылауды;
  • ҚР ҚК-да ғылыми-эксперименттік базаны дамытуды;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, қорғаныстық зерттеулер, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар нәтижелерін ҚР ҚК қызметіне енгізуді;
  • отандық, шетелдік және халықаралық ғылыми ұйымдармен, ЖОО-лармен байланысты дамытуды;
  • әскери-ғылыми мектепті дамытуды;
  • өнертапқыштық және рационализаторлық жұмысты ұйымдастыруды қамтиды.