“ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДА СЕРПІЛІС БАР…”

269

Шымкент қаласының денсаулық саласына дем беру ісінде ілгерілеу бар. Ұлт саулығы-ұрпақ болашағы екенін ескерсек денсаулық саласында серпілістің болуы заңдылық. Ед саулығын жақсартуға байланысты Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековпен ашық сұхбат жүргізіп, атқарылған және алда атқарылуы тиіс жоспарлар дайлы ой бөліскен едік.

-Шымкенттің денсаулық сақтау саласы 2022 жылдың алғашқы жарты жылдық жұмысты қалай қорытындылады?

— Денсаулық сақтау басқармасының ведоствалық бағынысты 33 медициналық  ұйымы бар, оның ішінде 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар (Диагностикалық орталық,медициналық колледж, қан орталығы, ЖЖС,  балалар үйі, СПИД орталығы). Қалада тәуліктік 4125 төсек- орын күндізгі стационарда 1959 төсек –орын бар. Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрап отыр.

Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа (№14Емдеу орталығы, Дария Медикус, Саби Мед, Турлан Медикал) медициналық орталық ашылып 50 мың халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бір дәрігердін жүктемесі 1616 дейін төмендеді (жоспар 1700-ден аспау).

-МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ТОҚТАЛЫП КЕТСЕҢІЗ…

Нәтижелі жұмыстар бар. Оны әр сала боцынша санамалап ацтуға болады.

  1. Қалалық онкологиялық орталықта онкогематология бөлімшесі ашылды, пэт/кт орталығы мен сәулелі терапия орталығында пэт, кт, сызықтық үдеткіш апараттары орнатылды. (кт және сызықтық үдеткіш қызмет көрсетуде, пэт қыркүйектен бастап қызмет көрсету жоспарлануда);
  2. 2022 жылдың 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде;
  3. Қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханада және Шымкент жүрек орталығында республикалық мамандарымен 8 мастер-класстар өткізілді, 120 маман қатысты;
  4. Жедел медициналық жәрдем станциясында орталықтандырылған симуляциялық орталықта Халықаралық стандарттар бойынша 108 медициналық қызметкерлерге практикалық дәрістер өткізілді;

-МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 77 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ-ДЕП ЕСТІДІК…

-Басқарма тарапынан жылдың басында медициналық жабдық сатып алу  үшін 1,1 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін жеті аппарат сатып алынды. Бұған қоса, жылдың соңына дейін үш медициналық техника сатып алынады. Соның нәтижесінде 77 пайыз орындалғаны рас..

-ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ҚАМТАМЫЗ ЕТУ ҚАЛАЙ БОЛУДА?..

-Амбулаториялық деңгейде-шымкент қаласының 44 медициналық ұйымы (11 мемлекеттік 33 жеке меншік) 2022 жылға 9,4 млрд.теңге сомасына дәрілік заттар сатып алуға өтінімдер ұсынды. оның ішінде 6,3 млрд теңгегедәрілік заттар жеткізілді.

Орфандық (сирек кездесетін) аурулары бар 36 баланы дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлінді, 32 бала (88,9%) дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

-МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІН АРТТЫРУ ҚАЛАЙ БОЛУДА?..

-Алты ай ішінде 2938 медициналық қызметкерлер шет елде және республикалық орталықтарында біліктілігін арттырған. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылды.  Бұл мобильді топ дәрігерлері тәуекел тобындағы балаларды уақтылы анықтау, оларды стационарлық емдеуге жіберу жұмыстарымен айналысады.

Кадр тапшылығы-76,  негізгі қажет мамандар неонатолог, реаниматолог, гематолог, иммунолог, сурдолог. Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы кадрларды қолдау мақсатында резидентураға оқуға 87 жолдану жоспарлануда

-АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ БОЛУДА?..

-2022 жылдың 1 жарты жылдығында Шымкент қаласында 15325 бала дүниге келді.  Оның ішінде егіздер-194, үшемдер-1. Өткен жылмен салыстырғанда, егіздердің тууының 18 жағдайға өсуі байқалды (10,2%).

Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% — ға дейін жақсартылды, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды.Сондай-ақ бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Жыл басынан бері Қалалық клиникалық балалар ауруханасында 76 нейрохирургиялық оталар жасалынды.

Қалада   балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта  жалпы Шымкент қаласы бойынша  9 медициналық ұйымда қалпына келтіру мен оңалту емі  жүргізілуде.  Жалпы  тәуліктік  балалар  төсек-орын саны — 391, күндізгі төсек орын саны -101.

2022 жылдың  6 айында    оңалтудан өткен  жалпы  бала саны-3773 (2021ж. — 2908), 2021 жылмен салыстырғанда — 865 балаға  көп,  тәулік бойы стационарда -2842, күндізгі стационарда – 931 бала оңалтудан өткен. Шымкент қаласындағы оңалту емін жүргізетін Оңалту орталықтары МДК-мен (мультитәртіпті команда) жабдықталған: реабилтолог дәрігерлерімен, емдік дене шынықтыру нұсқаушыларымен, эрготерапевтермен, психологтармен, логопедтермен, дефектологтармен, әлеуметтік педагогтармен, сондай-ақ түзету педагогтарымен (ойын терапевттерімен, музыка терапевттерімен,Монтессори-терапия мамандарымен).

Шымкент қаласында жүйке ауруларымен диспансерлік есепте 2497 бала тұрады, онының ішінде ДЦП-мен 1164 баланың 893 оңалту емінен өтті.

142 орта білім беретін мектептерде медициналық пункттер жұмыс істейді. Профилактикалық тексеруге жататын 225737 оқушының ішінде оқу жылы ішінде 146729 оқушы тексеруден өтті, бұл жоспарланған 50% қамтудың 65% — ын құрайды. Профилактикалық иммундаумен жасы бойынша балалардың 33% қамтылған, жоспар бойынша 30-33,2%.

2023-2025 жылдары денсаулық саласы бойынша қызметкерлердің орташа табысы деңгейінің артуы туралы.

Қазақстан Республикасы Президенті К.К Токаевтың 2025 жылға дейін денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстарды Жалпы ішкі өнімнің 5%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының шеңберінде  («ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»                         2019 жылғы 19 маусымдағы №27 Жарлығы) дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша орташа айлық жалақыға кезең-кезеңмен ұлғайту қарастырылған. Дәрігердің орташа жалақысы 2023 жылға қарай 561 мың теңгені, орта буын медициналық қызметкерлерге-209 мың теңгені құрайды.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы орташа есеппен: дәрігерлерге-30% және орташа буын мамандары-20%-ға өсті.

Қазіргі таңда дәрігерлердің ортада жалақысы 302 139 теңге (2021 жылы 228 515 теңге),  орта буын мамандарының жалақысы 175 799 теңге (2021 жылы 144 290 теңге). Бұл өз шегінде 2021 жылмен салыстырғанда дәрігерлер жалақысы 30%, орта буын мамандары 20% өсіп келетіндігін көрсетеді.

-АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРМЕН БӨЛІССЕҢІЗ… ҚАЙ САЛАҒА ҚАНДАЙ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ? СОНЫ ЖІКТЕП, ЖІЛІКТЕП АЙТЫП БЕРСЕҢІЗ?

  1. Коронавирустық инфекцияға қарсы 100% вакцинация жүргізілді. ревакцинация және қайта ревакцинациялау жұмыстарын жүргізу
  2. 5 жыл өмір сүретін онкологиялық науқастардын үлес салмағын 51,3% жеткізу
  3. 30% медициналық персоналдың қатысуымен Израиль, Германия, Ресей және Литваның жетекші мамандарымен шеберлік сабақтарын өткізу;
  4. ШЖҚ «Қалалық перинаталдық орталық» МКК күрделі жөндеу жүргізу мәселесін қарау. босандыру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту.
  5. Босандыру ұйымдарын бактериологиялық зертханалармен қамтамасыз ету.
  6. БСМК да сапалы антенаталды бақылау үшін ктг, жетіспейтін жабдықты сатып алу
  7. 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды 100 пайызға ұлғайту;
  8. Балалар ауруханасының базасында жаңа бөлімшелерді (кардиохирургия, офтальмология)ашу.
  9. Емханалар үкіметтік емес ұйымдарымен бірге саламатты өмір салтын ұстану бойынша 4 әлеуметті жоба және саламатты өмір салты бағдарламасы бойынша 29 іс-шара жоспарланып жүргізуге 30,1 млн теңге бөлінген.
  10. Білім басқармасымен бірлесіп мектептерде дұрыс тамақтану рационын әзірлеу және «денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын іске асыруды мақсат етіп отырмыз.

Тілші түйіні:  Халық денсаулығын жақсартуға жасалған оң қадамдар орындала бергей.  Денсаулыққа дем беру, салауатты ұрпақ жолына жасалған игі қадам деп білеміз. Үшінші мегаполисте қолға алынған игілікті істер баянды болғай.

“ARA-ақпарат”