ШАРДАРА: ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ БОЙЫНША КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

478

Бүгін Шардара ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.

Мәжілісте Шардара АПБ-нiң ЖПҚБ ӘЗЗКТ инспекторы полиция капитаны Г.Сәбден әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау, сотқа дейінгі тергеп — тексерудің және жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың проблемалық мәселелері бойынша баяндама жасап, алдын алу шараларының кешенді жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханасы басшысының ана мен бала жөніндегі орынбасары Қ.Көбелекова әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау: ана мен бала өлімінің проблемалары туралы және аудандық жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша атқарған жұмыстары және Отбасын дамыту мен қолдаудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу барысы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Тұрлыбеков баяндама жасап, өзекті мәселелер талқыланды.

Комиссия мүшелері тарапынан әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту бойынша тиімді ұсыныстар айтылып, алдағы жоспарлар пысықталды.