БӘЙДІБЕК: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

216

 

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Бәйдібек ауданының мәслихат сессиясының 2022 жылғы 20 мамырдағы №18/122 санды шешімімен ауданның әлеуметтік — экономикалық дамуына қосқан көп жылғы қызметтері мен спорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім, құқық қорғау саласында және мемлекеттік қызметтегі еңбектері үшін ауданымыздың бірқатар азаматтарына Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматтары» атағы табыс етілді. Сонымен қатар іс шарада Түркістан облысы әкімінің шешімімен білім беру саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Майра Жақыпова «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, әр салада қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталады.

Барша жерлестеріне өзінің мерекелік құттықтау тілегін білдірген Асқар Кенехан ауданымыздың бірқатар азаматтарына облыстық мәслихаттың грамотасын және аудандық мәслихаттың алғыс хатын табыс етті.

Салтантты жиынға қатысушылар марапатау рәсімінен кейін аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарласын тамашалады.