ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

543

Қазіргі уақытта көптеген адамдарды ең алдымен жастар мәселесі толғандыратыны ақиқат. Соның ішінде қыздар тәрбиесі өзекті.   Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Осы бағытта Шымкентте «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Ел сұлуы – қыз бала» атты психологиялық кездесу ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Кездесуге Абай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы – Бибіфатима Хамитбекова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог, психотерапевт коуч практик және психологиялық кітаптардың авторы — Жанат Атаева, «Медикер ЮК» медициналық орталығының гинекологы Бибігүл Пирниязова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог арт-терапевт, психотерапевт Асанова Салтанат және жоғары және орта арнаулы оқу орындарының психологы мен қыздар ұйымы қатысты.

Басқосу барысында аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған көрініс көрсетілді. Сонымен қатар психологтар өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту мәселелері айтып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді.

Жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Басқосуда  жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.