ҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МАҚСАТ

261

Ордабасы аудандық Жастар сарайында белсенді жастар, жас мемлекеттік қызметшілер, жастар практикасымен жұмыспен қамтылған жастар, білім беру мекемелерінің басшыларының қатысуында Ордабасы аудандық жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі, аудан әкімі аппаратының басшысы Ақмұратов Мейрамбек Жәмәділұлының төрағалық жасаумен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат» тақырыбында  семинар конференция ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар конференцияда аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Бекбосын, аудандық қоғамдық кеңес жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет төрағасы. Ғ.Зиябек, ауданның бас имамы А.Керімбаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маман заңгері М.Молдабаев баяндама жасады..

Мәжілісті аудандық жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілі, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Ақмұратов қорытындылап семинар барысында түскен сұрақ, ұсыныс- пікірлерге жауаптар берілді.