ОНЛАЙН ФОРМАТТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

297

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тарапынан «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жәрмеңкесі онлайн форматта өтті.

Жәрмеңкеге Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы, Ордабасы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты.

Онлайн форматта өткізілген жәрмеңкеде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ете отырып, әкімшілік кедергілерді азайту мен халыққа қызмет көрсету тиімділігін арттыра отырып қызметтерді сапалы көрсету, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша кеңес берілді.

Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға толыққанды жауап берілді.