“АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ «ҚАНЫНА СИЯ ТАМҒАН ӘУЛЕТКЕ» БҰЙЫРЫПТЫ…”

16

Ия, талай мықтылар мен жүйріктердің алғашқы баспалдағы, Отырар ауданының айнасы болған «Отырар алқабы» газеті «ҚАНЫНА СИЯ ТАМҒАН ӘМІРБЕКОВТЕР ӘУЛЕТІНЕ БҰЙЫРЫПТЫ» деген жылы хабарды естіп қуанып қалдық. Елге сыйлы әулеттен шыққан төрт бірдей журналистің (Көпен Әмірбек, Төпен Әмірбек, Базарбек Түкібай, Ерсұлтан Әмірбек) барлығы да кезінде алғашқы еңбек жолын осы аудандық газеттен бастаған еді. Енді міне, араға жылдар салып газеттің бұрынғы бас редакторы, марқұм Төпен ағамыздың ұлы Әмірбеков Азат Төпенұлы газет ісін өз қолына алып отыр. «АТ ТҰЯҒЫН ТАЙ БАСТЫ» деген осы.
Газет ісін мұрнына газеттің исі баратын адамның алғаны дұрыс қой негізі. Бұл ретте ұзақ жылдан бері осы газеттің дизайнер-беттеушісі қызметін атқарып келе жатқан әріптесім Азатқа барғаны құптарлық шешім. Әсілі ол «ҚАНЫНА СИЯ ТАМҒАН ӘУЛЕТТІҢ» ұрпағы болса тіптен жақсы емес пе?! Демек, «Отырар алқабы» газеті өз иесін жаңылмай тапты. Енді газетте жаңа бағыт, жаңа жоба, тың тақырыптар пайда болады деген сенімдемін.
Марқұм Төпен ағаның әруағы бір аунап түскен шығар…

Ғалымжан Сәрсеков
Түркістан облысы