БҮГІН ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ АЯҚТАЛАДЫ

261

Бүгін сағат 18:00-де Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталады.

Кезектен тыс Президент сайлауының алғашқы кезеңі 23 қыркүйекте басталған еді. Содан бері республикалық қоғамдық бірлестіктерден елдің Орталық сайлау комиссиясына 8 адам ұсынылып, құжаттарын тапсырды. Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну саяси науқан белгіленген күннің ертесіне басталды.

Заң бойынша осы елде туған, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін әрі соңғы 15 жыл осы елде тұрған Қазақстан азаматы ғана үміткер бола алады. Оны белгілі бір қоғамдық бірлестік ұсынуы тиіс.

Сонымен барлығы 8 үміткер тіркелді. Бүгін соңғы болып Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасы ұсынылды.

Ал, бүгін лингвистикалық комиссия бұқаралық ақпарат құрал өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізеді.

Айта кетейік, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.