“ТЕРІС АҒЫМ ОҚУШЫҒА ОПА ӘКЕЛМЕЙДІ…”

378

Бүгінгі оқушы, ертеңгі ел азаматы. Демек, бүгінгі қоғам ертеңгі ел азаматы, бүгінгі жас буын ұрпаққа тағылымды тәрбие беруі керек. Мектеп оқушыларының жастай теріс ағымның жеиегінде кетпеуіне баса нащар аударғаны мақұл. Осыны ескерген Түпкістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесі қызметкерлері ауыл-аймақты аралап, әр сала мамандарымен бірлескен жиындар өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

Соның бірі Кентау қаласында өтті. Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Кентау қаласы №17 «А.Навои» атындағы жалпы орта мектебінде «Этносаралық келісімді сақтау және теріс діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында жоғары сынып оқушылары мен кездесу өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ж.Жорабек, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тажибаев, қалалық «Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Х.Абдувалиев, қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Сарманов және мектеп оқушылары қатысты.

Кездесу барысында этносаралық келісімді сақтау, жалған ақпараттарды тарату жөніндегі қолданыстағы заңдарды және қазіргі таңдағы деструктивті діни ағымдар жайында кеңінен ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Иә, теріс ағым оқушыға опа әкелмейді. Мұны келешек ұрпақ жете түсінуі керек.

ARA-ақпарат