ЖЕР ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРЫЛУДА

228

Ауылдағы үлкенді-кішілі бас қосулар барысында біршама өзекті мәселелердің басым бағыттары анықталды. Мәселен, Қосмезгіл елді мекеніндегі «Таза су»-бағдарламасының 2-ші кезеңін жүргізу кезек күттірмейді. Шорнақ ауылдық округіндегі 3 елді мекенді газбен қамтамасыз ету мәселесі алдан шығып отыр. Бас жоспарға сәйкес, Шорнақ ауылдық округі бойынша тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу, құжатсыз тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесі шешілуде. Түркістан магистральдық каналымен келетін ағын су мәселесі де бар. Аша, Қосмезгіл елді мекендерінің тұрғындары интернет желісінің төмендігіне шағымданып отыр. Бұл мәселе де басты назарда тұр. Аша елді мекеніне мектеп салу мәселесіне аудан әкімшілігі де үлес қосуда. Бәрінен бұрын, кезінде заңсыз беріліп кеткен ауыл төңірегендегі радиусы сегіз шақырымға дейінгі жайылымдық жерлерді ортақ жайылымға қайтару жұмысы жүргізілуде.

Кезінде талан-таражға түсіп кеткен жайылымдық жерлерді қайтару мәселесі жүзеге асырылуда. Бұған Қауымдастыққа мүше беделді адамдар кірісуде. Жер бөлімі шешімін шығарып береді. Кәсіпкерлер жайылымдық жерді тиімді пайдаланып отырса, ол жұмысын жалғастыра береді. Егер де тиімсіз пайдаланып, иесіздікке ұшыратса, халыққа заңмен қайтарылады.

Әкімнің айтуынша, Шорнақта қырықтан астам қиыршық тас зауыттары бар. Олардың иелігінде үш мың гектарға жуық жер бар. Қиыршық тас зауыттары заң аясында жұмыс жасауы тиіс. Жер халықтікі.