САУРАН АУДАНЫНДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

229

Бүгін «Есіктен есікке» акциясы аясында аудан көлемінде үнпарақтар тарқатылды.

ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері аудан тұрғындарына үнпарақтар тарқатып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ауданның белсенді жастары ауыл-ауылды аралап, тұрғындарыға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Алдағы жеті жылда ел экономикасына 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылатындығы, инфрақұрылымды ауқымды түрде жаңғырту жұмысы жүргізу арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделгені және Қ.К.Тоқаевтың бағдарламасында еңбек адамы Әділетті Қазақстанды құру ісінде негізгі орын алатындығы туралы айтты.

Сондай-ақ, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми «toqaev2022.kz» сайтының іске қосылғандығын, бұл платформа арқылы кандидаттың өмірбаянымен, оның сайлауалды бағдарламасымен және т.б. ақпараттармен танысуға болатындығы түсіндіріліп, елімізді одан әрі дамытып, гүлдендіру үшін өз ұсынысын жолдай алатындықтары және кандидатқа тілек хат жазуына болатындығы да түсіндірілді.