ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ДА РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУДЕ

290

Түркістан қалалық полиция басқармасының ЖПҚ ӘЗЗҚ тобы инспекторы мен ЖПҚ УПИ қызметкерлері жасөспірімдер мен аналардың құқығын қорғау және оларға құқықтық сана қалыптастыру үшін, сонымен қатар, “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” халықаралық акциясы аясында рейдтік жұмыстарын жүргізді. Рейд жұмыстары барысында шаһардағы сауда орталықтары, денсаулық сақтау орындарында отбасы, тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатында арнайы жадынамалар таратылып, адамдар шоғырланатын орындарға плакаттар ілінді.

Акцияның негізгі мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу, ана мен баланы қорғау, халықты қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шаралармен таныстыру болып табылады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

«Бақытты отбасы – бақытты ел» ұранымен қолға алынған іс-шара шеңберінде сонымен қатар Әйелдерге қатысты Халықаралық зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтіледі. Бүгінде үл­кен күшке, маңызды іс-шараға ай­налған науқанның бас­ты көздегені – ана мен баланы қор­ғау. Акция аясында әйелдерге қа­тыс­ты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы отбасы құн­дылығын арттырып, қыз-келін­шектердің құқықтық сауат­тылығын арттыру және отба­сында зорлық-зомбылық жа­сауға бейім адамдармен жеке про­фи­лактикалық жұмыс жүргізуге баса назар аударылады. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы отбасында қыз-келіншектерге қатыгездік көрсету, күш қолдану, жәбірлеу, тіл тигізу, ар-намысын таптау секілді қоғамдық резонанс тудыратын қылмыстардың әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық түйінін шешуге бағытталған. Сон­дықтан да рес­публика бойын­ша жыл сайын дәстүрлі түрде өткі­зілетін бұл іс-шараға тек мүдделі мемлекеттік, үкіметтік органдар емес, бүкіл жұртшылық, БАҚ, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері бір кісідей атсалысып келеді.