ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ОҢ ТӘЖІРИБЕСІН ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ

335

Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық экономика министрі Шымкент қаласы әкімдігінің азаматтарды қабылдаудағы тәжірибесін өзге өңірлерде қолдануды ұсынды. Күн тәртібінде еліміздегі кәсіпкерлік қызметті «жаңа парақтан бастап» реттеуді іске асыру сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу барысы қаралды. Отырыста бірқатар ведомство басшылары мен Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Ғ. Қойшыбаев тақырыптар аясында баяндама жасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды қабылдау жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес қала басшысы өткен жылы 81 елді мекенінді аралап, тұрғындармен 473 кездесу өткізді. Жалпы кездесулерге 56 760 тұрғын қатысып, 2 354 мәселе көтерілген, сұрақтардың 69,1 пайызы оң шешімі тапқан.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Қала әкімі әр айдың үшінші сәрсенбісінде азаматтарды бірыңғай қабылдауын өткізуде.