“ТҮРКІСТАНДА ҚАНША ”ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” САЛЫНАДЫ?…”

300

Білмейсіз бе?.. Онда біліп алыңыз.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Ол бүйдеді:
“Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен облыста «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді.
Жоба шеңберінде, қалада жаңадан 7 мектептің құрылысы жоспарлануда.
Атап айтқанда:
– Әкімшілік-іскерлік орталығында 2 000 орыннан
3 мектеп;
– Яссы мөлтек ауданында 1 200 және 900 орындық 2 мектеп;
– Отырар және Бекзат мөлтек аудандарында
1 200 орыннан 2 мектептің құрылысын жоспарлап отырмыз.
Бұл мектептер алдағы екі жылда пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, 500 орындық жатақханасы бар
700 орындық «Дарын» мектеп-интернатының құрылысы басталды.
Бұдан бөлек, 900 орынға арналған 2 мектеп құрылысы жоспарлануда.

Түркістан облысының әкімі Дархан СатыбалдыТүркістан қаласының тұрғындарымен кездесуінде бұдан жа басқа бірталай жақсы-жақсы жаңалықтармен бөлісті.
“ARA-ақпарпт”