ҒАНИ ҚАНЖІГІТКЕ СӘТТІЛІК
Сайлаудың бітуіне аз күн қалды.
Сайлаудың қызығы да, шыжығы да аз емес қой. Бұрындары салығыңнан тиын айырма тапса, кандидаттар тізімінен шығарып тастайтын, соттасып жүргенде сайлау өтіп кететін. Биылғы сайлаудың жылымығы, «Ғаділетті Қазақстанның» чуть-чуть жақсылығы болар, додадан шығып қалғандар ішінара болса да, сотта жеңіп шығып қайта қосылып жатыр. Сол қиянат көріп, шығып қалып, қайта қосылғандар арасында Ғани Қанжігіт те бар екен. Ол туралы Ерсултан ағаның постынан білдім.
Ғанекең өткен сайлауда «Ауыл» партиясының атынан қалалық мәслихат депутаты болған. Мұның алдындағы сайлауда «Ауыл» партиясын қолдап едім. Парламентке өте алмаса да, аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардан «Ауылдықтарға» орын бұйырған еді. Әрине, екі жыл өтер-өтпес уақытта ол Парламент те, Мәслихаттар да тарап кетті. Сол азғана уақытта Ғани Қанжігітұлы сайлаушыларының сенімінен шыға білді десек болады.
Үгіт-насихат бітуіне аз ғана уақытта додаға қайта қосылған Ғанекеңе «сәттілік» дейміз. Тектінің тұяғы, жақсы әкенің ұрпағы ғой, депутаттыққа өтіп жатса, аманатқа адал болады деп сенеміз. Аламанда аты оза шапсын.
Ержан Тәліп