СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР

511

2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 14 000 баланы немесе 4-пен 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын.

Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 140 кәсіпкерден өтінім түсіп, оның ішінде 113 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, оң шешімін алған.

Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жалпы саны 20619 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды.

Осы жоба аясында 338 жаттықтырушы және 200 жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді. Жалпы саны 538 адам.

СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2022 жылдың12 айында жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ,қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 628 алтын, 577күміс, 619 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1824 медаль.

2023 жылға жоспар 630 алтын, 600 күміс, 620 қола медаль жеңіп алу.

Азия чемпионаттарында қала спортшылары 89 алтын,           58 күміс және 67 қолаға қол жеткізсе (жалпы 214 медаль), осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 60 алтын, 38 күміс және 33 қола медальға(жалпы 131 медаль) ие болды.

2023 жылы жоспар Азия чемпионаттарындаспортшылары 92 алтын, 60 күміс және 70 қола, Әлем чемпионаттарында жоспар 62 алтын, 40 күміс және 35 қола медаль жеңіп алу.

СПОРТТЫҚ САНАТ

2022 жылдың 12 айыныңқорытындысы бойынша4 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 54халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 275 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 418 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына ересектер құрамасына 376, жастар құрамасына 281, жасөспірімдер құрамасына 235 спортшымыз енген.

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАР

2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Кашиас-ду-Сул қаласында /Бразилия/ өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарына еркін күрестен 70 кг. салмақта Рсалы Сабыржан және 65 кг.салмақта Пернеш Шадияр қатысып, Рсалы Сабыржан 2 орын, Пернеш Шадияр 5 орынды жеңіп алды. Нәтижесінде қала әкімі Рсалы Сабыржанға 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 12-23 мамыр аралығында Нормандия қаласында /Франция/ өткен Дүниежүзілік гимназияда ойындарына 11 спорт түрінен 23 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

2022 жылдың Бирмингем қаласында /АҚШ/ өткен XI Дүниежүзілік ойындарына 3 спортшы қатысып, нәтижесінде Берульцева Софья каратэден 1-орынды жеңіп алса, құзға өрмелеуден Улжабаева Тамара мен каратэден Дархан Асадилов 7-ші орынды иеленді.

2022 жылдың 08-15 тамыз күндері Түркияның Конья қаласында өткен V Ислам ынтымақтастық ойындарына қаламыздан 12 спортшы қатысып, нәтижесінде спортшыларымыз 5 алтын, 4 қола медаль жеңіп алды.

Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт түрлерінен ашық Республикалық турнирлер өткізу жоспарлануда.

2023 жылдың 20-22 наурыз күндері жаңа «Ипподром» атшабарының және Наурыз мерекесіне орай, бірқатар ұлттық және ат спорт түрлерінен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтар болсақ:

— қазақ күресі,

— бәйге

-көкпар,

-аударыспақ,

-теңге ілу,

-жамбы ату,

-дәстүрлі садақ ату,

-асық ату,

-тоғызқұмалақ.

Аталған спорттық іс-шараларға еліміздің барылық өңірлерінен және Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан және Монғолия меемлекеттерінен 1500 астам спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2023 жылдың ақпан-қараша аралығында Қазақстан Республикасының 6-шы жазғы Спартакиадасы спорттың 26 түрінен өтеді. Аталған спорттық іс-шара еліміздің барлық өңірлерінің қатысуымен 4 жылда бір рет ұйымдастырылады. Жалпы командалық есеп бойынша Шымкент қаласының құрамасы 1 немесе 2 орын алу  жоспарлануда.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы қыркүйек айында Ханчжоу (Қытай) қаласында ХІХ Жазғы Азия Ойындары спорттың 41 түрінен өтеді.

Аталған додаға Шымкент қаласынан 23 спорт түрінен 58 спортшы қатысуға үміткер. Қатысатын спортшылардың қазіргі кездегі дайындық деңгейіне байланысты 9 – алтын, 4 – күміс, 19 – қола медальға қол жеткізуді жоспарлап отырмыз.