БӘЙДІБЕКТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР СУҒА ТҮСУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР АТҚАРУДА

255

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Бір нүктелік» профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Мұнда Ақбастау, Боралдай, Борлысай, Алмалы ауыл тұрғындары мен демалуға келген қонақтарға суға шомылудағы ережелер бойынша ескерту жадынамалар таратылды.

Себебі осы мезгілде азаматтар мен жасөспірімдердің шомылуға баратыны сөзсіз. Осы ретте полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері тарапынан қауіпсіздік жұмыстары күшейіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Қауіпті аймақтарға суға түспеу керектігі туралы белгілер мен баннерлер орнатуда.

Сондай-ақ балаларды ата-ананың қадағалауынсыз су арнасына, каналдарға, өзендерге жібермеуге, арнайы тыйым салынған жерлерге бармауға түсіндірме шаралары атқарылуда.