СОЗАҚТЫҚ ПОЛИЦЕЙ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ БОЛҒАН АТАСЫНЫҢ ТАРИХЫМЕН БӨЛІСТІ

208

Төмендегі бейнероликте «Отан қорғаушылар күні» мен «Жеңіс күні» мерекесіне орай Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкері полиция майоры Дәурен Нұрхожаев мерекемен құттықтап, атасы Ұлы Отан соғысының ардагері Тәжі Нұрхожаевтың соғыс кезіндегі ерліктерін жеткізді.

Ұлы Отан соғысының ардагері Т. Нұрхожаев 1942 жылы әскер қатарына шақыртылып, Беларусь Республикасында Совет армиясының қатарында борышын өтеген. Соғыс кезінде үш рет жарақат алып, 1945 жылы жеңіспен орылған.

6 ұл 6 қыздан, 35 немере, 56 шөбере тәрбиелеген. Қазіргі таңда үш немересі Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқаруда. Ұлы Отан соғысының ардагері Т. Нұрхожаевтың ерліктері Шолаққорған ауылындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы тарихи өлкетану музейіне орналастырылған. Мұны ұрпағы мақтан тұтады.