ДҮКЕННЕН 10-НАН АСТАМ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛАҒАН БОЙЖЕТКЕН АНЫҚТАЛДЫ
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз шағымында белгісіз біреу түнгі уақытта дүкенінің есігін бұзып, сатылымда тұрған 10-нан астам ұялы телефонды ұрлап кеткенін көрсеткен. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Сонымен қатар дүкендегі және оған жақын аймақтардағы бейнебақылау камералары жіті қаралды.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары сезіктінің ізіне түсті. Ол Мақтаарал ауданының жұмыссыз тұрғыны, жас қыз болып шықты. Бойжеткеннен ұялы телефондар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.