КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

232

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында, 22-24 маусым күндері аралығында облыс аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» акциясы басталды.

Мұндағы негізгі мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, ана мен баланы қорғау, қоғамда отбасы рөлін нығайту.

Осы бағытта Келес аудандық полиция бөлімінде сағат 10:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Азаматтарды қабылдауға барлық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, денсаулық сақтау, психологиялық сүйемелдеу секторының қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар Ел Президентінің Жолдауындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату» жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар жайлы жұртшылыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 100-ге тарта жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ қабылдау барысында, әйелдерге консультациялық- құқықтық кеңестер беріліп, көмек көрсетілді. Мемлекеттік емес ұйымдарда дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өзекті мәселе талқыланды.

Одан бөлек учаскелік полиция инспекторларымен 2 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. 1 азаматқа тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талап белгіленіп, профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізілді.